Кукушкин Қазақстанды Дэвис кубогының финалына алып шықты

1388
Астанада Қазақстан мен Португалия арасындағы Дэвис кубогының бірінші раунд матчы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, кеше Қазақстан құрамасы Александр Бублик пен Михаил Кукушкиннің жеңісінің арқасында 2:0 есебінде алға шыққан болатын.
Жұптық сында Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин Жоау Соуза және Гастао Элиаспен кортқа шығып, жеңіліп қалды. Шешуші кездесуде Қазақстан командасының лидері Михаил Кукушкин Жоао Соузаны 6:4, 6:1 есебімен жеңіп, жалпы матчта жеңіс сыйлады.
Сонымен Португалияны 3:1 есебімен жеңген Қазақстан Дэвис кубогының финал кезеңіне шықты. Турнирдің негізгі кезеңі маусым соңында үш апта бойы Испанияның Мадрид қаласында өткізіледі.