ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРГЕН ҚОС ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАҒА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР ҚАРАЛДЫ

68

ПАРА АЛҒАН ЛАУАЗЫМДЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТІРКЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ЖОЛДАНДЫ


Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиевтің қатысуымен ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша Түркістан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты тіркелген қылмыстық іс бойынша жолданған ұсынымдар қаралды.
«Antikor.Live» жобасы аясында өткен кездесуде Сайрам аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің бастығы мен Түлкібас аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторына қатысты ұсынымдар қаралып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың себептері жіті талқыланды.


Кездесу барысында сөз алған Хаким Дүйсешұлы қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін әрбір мемлекеттік орган басшылары жауапты болатынын тілге тиек етіп, бұл еңбек ұжымындағы жемқорлықтың алдын алуға және оған жол бермеуге негіз болатынын атап өтті.


Анықталған қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша Тергеу басқармасының аға тергеушісі Дәурен Әбдіманап сотқа жолданған 2 іс бойынша жолданған ұсынымдарды баяндады. Сайрам аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің бастығы өзінің лауазымдық қызметін асыра пайдаланып, Өзбекстан Республикасынан жұмыс істеуге келген азаматтардың еңбек келісім-шартын ұзарту үшін пара талап ету дерегі және Түлкібас аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы азамат «А» әкімшілік жауапкершілікке тартпау және жинақталған құжаттарды сотқа жолдамау үшін пара талап еткен дерегі тіркелгенін атап өтті.


Жиын соңында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолдану ұсынылып, Түркістан облыстық Полиция департаментіне ұсыным ретінде жолданды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз