Қырғыз парламенті экс-президенттерін жауапкершілікке тартуға рұқсат берді

886
Жогорку Кеңеш экс-президенттерге қол тигізбеу құқығынан ажырату жөнінде заң жобасын үшінші оқылымда бір дауыстан қабылдады.
Бұған дейін Конституциялық палата «экс-президентке қол тигізбеу құқығын алып тастау соңғы президентке импичмент жариялау процедураларынан жеңіл болмауы керек» деген пікірін білдірген.
«Президенттің кепілдіктері жөніндегі» заңға өзгерту енгізу бойынша Жогорку Кеңештегі «Өнүгүү-Прогресс» фракциясынан Исхак Масалиев пен «Республика – Ата Журттан» Курманкул Зулушев ұсыныс білдірген. Парламент бұл заң жобасын былтыр желтоқсан айында бірінші оқылымда көпшілік дауыспен мақұлдаған.
Экс-президентке қол сұғылмауды алып тастау жөнінде алғаш рет 2018 жылы Бішкек Жылу электр орталығындағы апаттан кейін көтерілді. Депутат Масалиев бұған тікелей президент Алмазбек Атамбаевтың қатысы барын айтқан.
Дереккөз:Abai.kz