«Мақтанды!»: әнші Қайрат 60 млн тұратын су жаңа автокөлігін көрсетті (ВИДЕО)

1022

Ол жаңа автосына «777VIP17» нөмірін қойып алған.

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас жақында ғана сатып алған су жаңа автокөлігін көрсетті. Өнер иесінің таңдауы Lexus LX атты қымбат темір тұлпарға түскен. Желідегі ақпаратқа сәйкес, оның бағасы 60 млн теңгеден басталады деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы, nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қайрат Нұртастың көлік сатып алғаны жайлы жаңалықпен алғашқылардың бірі болып тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бөлісті.

Ақпарат өкілі Алматы әуежайында әншінің жаңа темір тұлпарын көріп, оны құттықтауға кіріскен. Видеода қуанышы қойнына сыймаған әртістің бірден темір тұлпарымен таныстырып, оның ішін көрсетуге кірісе кеткенін байқауға болады. Өнер иесінің автокөлігіндегі нөмір бірден желідегілердің көзіне түскен. Ол жаңа автосына «777VIP17» нөмірін қойып алған. Сонымен қатар, интернеттегі ақпаратқа сәйкес, аталмыш авто 60 млн теңге шамасында тұрады.

 Эстрада жұлдызының жанкүйерлері ол үшін қатты қуанып, Instagram желісінде құттықтауларын жаудырған.

«Жарайсың Қайрат. Нағыз батырлар тек осындай көліктерді тізгіндеу керек» , «Жаңа көлігін құтты болсын» , «Сіз бар жақсылыққа лайықсыз» , «Өзіміз алғандай қуанып тұрмыз» , «Қандай бақытты өзі. Ұзақ күткен сияқты ғой бұл автоны» , «Жұғысты болсын» , «Ақ тұлпар құтты болсын» — деп жазуда халық.