Назарбаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті

936
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін министрлер кабинетінің жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Ardak.kz.

Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Мамин премьер-министр қызметіне тағайындалды.

“Әлихан Смайылов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын”, – делінеді президенттің қаулысында.

Сонымен қатар елбасының жарлығымен Бердібек Сапарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі атанды.

Күләш Шәмшидинова Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

Руслан Дәленов мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық экономика министрі қызметіне келді.

Роман  Скляр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі атанды.

Сапархан Омаров Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды.