ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН КӨП ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

697

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ БАҚЫЛАНДЫ

Жетісай ауданында арнайы жұмыс сапарымен жүрген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаев мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеуден өткен көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен тілдесіп, ұсыныс — пікірлерін тыңдап қайтты.

Ондағы негізгі мақсат — тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Тұрғындармен тілдескен Ғабит Өмірәліұлы тұрғын үй қоры бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қолға алуды ескертіп, бірқатар ұсыныстарын сала мамандарына жеткізді.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Әбішев Мырзабек ұсыныстарды назарға алып, тұрғындар арасында туындаған сұрақтар шеңберінде құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізуге арнайы мамандар бөлінетінін жеткізді.

Айта кетейік, Жетісай ауданында тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2014 — 2019 жылдар аралығында 14 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Назарларыңызға жеткізе кетейік, өңірлерді дамыту 2020 мемлекеттік бағдарламасына сәйкес көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жүргізуге жұмсалатын шығындар туралы шешім пәтер иелерінің кемінде 2/3 бөлігі дауыс бергенде заңды күші болады.