Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

1609
Шарада бірқатар қызметшілерге қала әкімі және мемлекеттік қызмет департаментінің алғыс хаттары табысталды.
Шымкентте мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға қатысқан қала әкімі Ғ.Әбдірахымов барлық мемлекеттік қызметшілерді айтулы күнмен құттықтап, ТМД елдер арасында алғаш рет мемлекеттік қызмет істерінің реформасы жасалғанын атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
– Мемлекеттік қызметші — мемлекеттің тірегі. Бүгінде Шымкент қаласында 23 басқарма, 4 аудан әкімдігі, қала әкімдігі мен аппаратта 721 мемлекеттік қызметші бар. Саланы одан әрі дамытып, өзге елдер арасында үлгі болып отырғанымыз да жасырын емес. ТМД елдерінің арасында Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік қызмет істерінің реформасы жасалды. Бұл саланың өркендеуіне Елбасы Н. Назарбаевтың үлесі зор екенін атап өткім келеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі де алғаш рет біздің елімізде құрылды. Қазірде әр өңірде аумақтық филиалдары жұмыс жасап жатыр. Ал Шымкентке келер болсақ осы жылы мемлекеттік қызмет істері факторлық баллдық шкалаға өтіп, нәтжесінде жергілікті бюджеттен атқарылатын орган қызметшілердің жалақысы екі есеге өсті. Сонымен бірге, Президент әкімшілігіне барлық өңірдің мемлекеттік қызметшілерінің жалақысы бірдей болса деген ұсыныс жіберіп отырмыз, – деді қала басшысы.
Шарада бірқатар қызметшілерге қала әкімі және мемлекеттік қызмет департаментінің алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар, қызметшілер арасындағы спартакиада жеңімпаздары марапатталды.
Кәсіби мерекеге орай мемлекеттік қызметшілер арасында жүгіруден марафон ұйымдастырылды.