Мемлекеттік қызметшілердің “Әдеп кодексі”

3312
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 8) тармақшасында мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттерінің бірі қызметтік әдепті сақтау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының)» 1- тармағы Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам, мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
Т.Аманбаева
Келес ауданы бойынша МКБ жетекші маманы.