Мемлекеттік сатып алу бойынша 1 триллион теңге талан-таражға түскен

1000

Қателіктердің дені мемлекеттік мекемелерден кеткен. Нәтижесінде, 700-ден астам шенеунік әкімшілік жауапқа тартылды…

Елдегі Мемлекеттік сатып алу жүйесінен тағы олқылықтар табылды. Қаржы министрлігі жалпы құны 1 триллион теңгеден асатын заң бұзушылық анықтаған. Бұл әр оныншы сатып алуда шикілік бар дегенді білдіреді, деп хабарлады paryz.kz, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандар барлығы 1,5 млн сатып алу шарттарын тексерген. Негізгі заң бұзушылық бағалардан шығып отыр. Шарт құны әр дерек көзінде әртүрлі көрсетілген екен. Қателіктердің дені мемлекеттік мекемелерден кеткен. Нәтижесінде, 700-ден астам шенеунік әкімшілік жауапқа тартылды. Жалпы құны 6 миллиард теңге болатын 172 қылмыстық іс тіркелді.

«Барлығы 13 мың ескертпе берілді. Олардың дені хабарланыру енді ілінген кезінде анықталған байқау процедураларына байланысты. Осының арқасында негізсіз талаптардың алдын алдық және басқа да заң бұзушылықтарды жойдық», — дейді Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Алмас Каукитаев.