Министр 10 жылдан кейін пайда болатын мамандықтарды атады

361
Жаңа мамандықтар арасында қалалық кибераналитик, цифрлық тігінші, генетикалық код редакторы бар
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев болашақтың мамандықтарын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеті мен сыни ойлауын дамыту мақсатында еліміздің орта мектептерінде 2-сыныптан бастап «Бағдарламалау негіздері» атты пән енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, техникалық, кәсіби, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім реформасы аясында заманауи трендтерді ескере отырып, білім бағдарламаларын өзектендіру процесі жүруде.
«Болашақ институтының болжамы бойынша, 2030 жылға қарай әлемде мамандықтардың 85%-і жаңарады. Мүлде болмаған мамандықтар пайда болады», — деді Абаев мәжілістегі үкімет сағатында.
Оның арасында деректермен жұмыс істеу жөніндегі детектив, қалалық кибераналитик, толықтырылған шынайылықтағы саяхаттардың жобалаушысы, генетикалық код редакторы, цифрлық тігінші, адамдар мен машиналардың командалық жұмысы жөніндегі менеджер секілді мамандықтар бар.
«Сондықтан жоғары оқу орындары заманауи трендтерді ескеріп, нарыққа қажетті мамандарды даярлауы қажет», — деді министр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз