Мүліктік табыс

1893
Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлікті өткізу кезінде егер осы орайда құн өсімінен табысы бар болса, салық органына декларация ұсынып, жеке табыс салығын төлеу керектігін көбі біле бермейді.
Жеке тұлғалардың мүліктік табысы бір жылдан кем меншік құқығында орналасқан мүлігін өткізу кезінде құн өсімінен түскен табысы болып табылады. Бұл тұрғын үй, пәтер, жеке қосалқы шаруашылық объектілері, жер учаскелері және жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, саяжай құрылысы, гараж үшін ұсынылған жер үлестері, техникалық көлік құралдарына және тіркемелерге қатысты.
Мүліктік табыс сондай-ақ меншік құқығында орналасқан кезеңнен тәуелсіз жоғарыда тізбектелгеннен басқа жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде туындайды. Бұл дүкен, дүңгіршек, бутик, павильон құрылыстар және т.б секілді жылжымайтын мүлік объектілері.
Бұдан басқа, тұрғын емес үй жайларға ұсынылған жер учаскелерін және жер үлестерін, саяжай құрылыстарын, гараж, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін; бағалы қағаздар, сондай-ақ заңды тұлғада қатысу үлестерін өткізу кезінде меншік құқығында орналасқан мерзіміне тәуелсіз мүліктік табыс болып табылады.
Атап айтқанда, жеке тұлғалардың мүліктік табысына мүлікті жалға беруден алған табысыда жатады. Бұл норма жеке тұлға мен жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болып табылмайтын жеке тұлғаға өзінің мүлігін жалға берген кезде қолданылады. Бұл ретте жеке тұлға — жалға берушілер жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.
Жеке тұлғалар 240.00 салық есептілік нысаны бойынша жеке табыс салығы жөнінде декларацияны ұсынады, ол салық органына есептілік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынылады. Мүліктік табыстан жеке салығы, салық салу объектісіне (құн өсіміне немесе жалға беруден табыс) 10 пайыз мөлшерінде ставканы қолдану жолымен есептеледі және 10 сәуірге дейін төленеді. Салық есептілігі уақытында тапсырылмаған жағдайда әкімшілік жаза қолданылатынын ескертеді.
Ж.Абдуллаев,
Шардара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы.