Нұрсұлтан Назарбаев Зарина Диасқа қолтаңбасы бар сағат тарту етті

1255
Нұрсұлтан Назарбаев теннистен өтіп жатқан федерация кубогының ширек финал матчын тамашалады. Қазақстанның әйелдер құрамасы Таиланд спортшыларымен бақсынасты деп жазады NUR.KZ.
Қазақстандық құрамада танымал спортшы Зарина Диас өнер көрсетті. Спортшы Мананчая Савангкаевті 6:1, 6:3 ұпаймен басым түсті.
Зарина Диас Instagram парақшасында Елбасының матчта қолдау көрсетуге келгенін айтып, президент берген сыйлықты көрсетіп мақтанған.
Нұрсұлтан Назарбаев оған қолтаңбасы ойылған Cartier қол сағатын сыйға тартқан.
«Сөзсіз сіздің қолдауыңыз ойын кезінде ерекше қуат берді. Әсіресе Отаның үшін ойнап жатқанда. Бірақ президенттің қолдауы айрықша әсер етеді. Нұрсұлтан Әбішұлы, қолдауыңыз бен командамызға деген сеніміңіз үлін көп рахмет. Алға, Қазақстан!», — деп теннисші қыз сезімдерімен бөлісті.