​«Нұр Отан» «Ұлы дала» шығармашылық байқауын жариялады

1274

Бірінші орын алған жүлдегерге 1 жарым млн теңге, екіншіге 750 мың, үшінші орынға 500 мың теңге беріледі.

ARDAK.KZ. «Нұр Отан» партиясы «Ұлы дала» шығармашылық байқауын жариялады. Оған 18-40 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады. Жұмыстар 28 қараша мен 15 қаңтар аралығында қабылданады. Бұл жөнінде партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Байқау жеңімпаздары «Проза», «Поэзия», «Драматургия, көркем фильмдер мен телесериалдар сценарийі», «Публицистика» және «Балаларға арналған шығармалар» сияқты бес бірдей аталым бойынша анықталады. Әр аталымға үш орын белгіленген. Бірінші орын алған жүлдегерге 1 жарым млн теңге, екіншіге 750 мың, үшінші орынға 500 мың теңге беріледі. Байқау «Рухани жаңғыру» бастамалары мен «Ұлы дала» құндылықтарын дәріптейтін шығармаларға қолдау көрсетуді мақсат етіп отыр.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Президентіміздің осы екі мақаласында айтылған міндеттерді дәріптеу үшін проза, поэзия, драматургия жанрында ұтымды шығармалар керек. Осы себеппен «Ұлы дала» шығармашылық байқауын ұйымдастырып отырмыз. Осы шара арқылы қоғамымымздың рухани жаңғыруына жұмыс істейтін еңбектерді және ұлы тұлғалаларды дәріптеуге өз үлесімізді қосамыз деп сенеміз.