Нұрлан Ермекбаев пен Кәрім Мәсімов генерал-майор атағына ие болды

208
Президент жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы жарлық шығарды.
ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовке жаңа әскери атақтар берілді. Президенттің жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы тиісті жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

Қаулы етемін: генерал-майор әскери атағы Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке берілсін, – делінген Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған құжатта.

Нұрлан Ермекбаев ҚР Қорғаныс министрлігін 2018 жылдың 7 тамызынан бері басқарады. Кәрім Мәсімов – 2016 жылдың 8 қыркүйегінен бері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз