Оқушы зияткерлігін дамытудағы тоғызқұмалақ ойынының рөлі

2978
Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны. Бұл ойынды тіпті әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби де сүйіп ойнаған, терең зер салып, зерттеп, өз жазбаларында қалдырып кеткен. Ал,қазақтың ұлы ақыны, данагөй ойшылы Абай Құнанбаев та өте қатты сүйіп ойнаған және өзі сол заманның түрлі ойыншылармен сынға түсіп, ойын жарыстырған деседі.
Ал, сол Абай атамыздың тастан ойылып жасалған тоғызқұмалақ тақтасын Жидебайдағы мұражайынан таба аласыз. Және әйгілі ойыншылар қатарына қазақтың ең алғашқы ғалымы — Шоқан Уәлихановты да қосуға болады. Қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Әуезов пен Ұлы Отан соғысы жылдарының атақты соғыс стратегі Бауыржан Момышұлының да сүйікті ойыны болған деседі. Ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі болған бұл ұлттық ойынымыздың тереңге тартқан тарихы бар. Соңғыдеректергеқарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған. Ауызба-ауыз таралып келген аңыздарда тоғызқұмалақ ойыны қойшылар үшін керемет ермек болды. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр. Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.Cонымен қатар Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артыпкеледіекен.
Шымкент политехникалық колледжінде де тоғызқұмалақ үйірмесі жұмыс жасайды. Колледжаралық, қалалық жарыстарға қатысқан студенттер жүлделі орындарға ие болып келеді. Шымкент қаласы АООО-ы арасындағы 33- спартакиада бағдарламасындағы тоғызқұмалақ ойынына ІІІ курс студенті Келмұрат А., Уалихан Ж., І курс студентттері Бектас Б., Петан Қ. Қатысып, 2-ші орын алып, мақтау қағазымен марапатталды.
Қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «100 жаңа есім» жобасы бойынша ұйымдастырған тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы Әсел Далиевамен өткен кездесуге колледждің тоғызқұмалақ үйірмесінің студенттері қатысып, ойларындағы сұрақтарға жауап алып, жақсы әсер алып қайтты.
Колледж студенттері тоғызқұмалақтан басқа да спорт ойындарынан өтетін жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Колледжде спорт чемпиондарымен кездесулер өтіп тұрады.
Апсанов Бақытжан
Шымкент политехникалық колледжінің
дене тәрбиесі пән оқытушысы