«Өлі даланың көшпенділері». Досым Сәтпаевтың жеке қоры ашаршылық туралы фильм түсірді (видео)

2050
Досым Сәтпаевтың жеке қоры 1930 жылдардағы ашаршылық туралы деректі фильм түсірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл фильм «Өлі даланың көшпенділері» (Откочевники мертвой степи — ред.) деп аталады. 
Бұл фильмді түсіру 2018 жылдың қыркүйегінде 27 мыың қазақ қоныстанған Түмен облысындағы Батыс Сібірге сапарынан бастау алды. Бұл аймақтағы қазақтар — 1930 жылдардағы ашаршылық құрбандарының ұрпақтары. Бастапқыда Досым Сәтпаевтың жеке қоры осы қызықты сапардан бейне репортаждар сериясын ғана жасаймыз деп жоспарлаған. Алайда деректердің бір фильм түсіруге жеткілікті болған.