Парламент депутаттары-Шардарада!

1028
Парламент Мәжілісінің депутаттары Құдайберген Ержан мен Кеңес Әбсаттаров іссапармен Шардара ауданына келіп, бірнеше нысандардың жұмыстарымен танысып шықты, деп хабарлайды Ardak.kz.
Қаладағы бас су торабының жағдайымен танысқан халық қалаулылары мұнан кейін аудан әкімі Болатбек Қыстауовпен бірге М.Горький атындағы жалпы орта мектебіне ат басын бұрып, ІТ сыныбында болды. «Нұр Отан» партиясының жобасы бойынша жұмысын бастаған  бұл сыныпты ашудағы мақсат Елбасы ұсынған «Цифрлық Қазақстан» — цифрлық технологияны терең меңгеру болып табылады.  Елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін қолға алынған осынау бағдарлама қоғамнан жаңа инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаңғыруды талап етеді. Ол үшін азаматтардың ІТ-сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларды күнделікті өмірде кеңінен қолдану міндеті тұр. ІТ сыныбының жетекшісі Бауыржан Биташев қонақтарға жаңа орталықтың жұмыс тәртібін таныстырып өтті. Балаларға арналған тегін IT сыныбында  3-8 сынып аралығында 15 қазақ және 15 орыс сыныбынан  жалпы 30  оқушы  еуропалық білім беру стандарты негізінде, факультативті пән ретінде тереңдетілген білім алатын болады.
Мәжіліс депутатары мектеп мұғалімдерімен кездесу өткізіп, оларды толғандырып жүрген мәселелермен де танысты.  «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Кеңес Әбсаттаров ұстаздар тарапынан айтылған ұсыныс-тілектерді Парламент отырысында көтеретінін айтып, мұғалім мәртебесін арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Мәжіліс депуттары осы күні «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінде болып, балық зауытының тыныс-тіршілігімен танысты.
Дереккөз:Аудан әкімінің баспасөз қызметі.