Полиция күшейтілген режимге көшеді

1042
Сайлау күні қарсаңында Қазақстанның барлық аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Бұл туралы Sputnik хабарлады.
Министр қазір бүкіл елдің аумағында «Құқық тәртібі» операциясы жүргізіліп жатқанын, сондықтан қауіпсіздік шаралары қолға алынғанын атап өтті.
«Операция 6 маусымға дейін жүргізіледі. Сайлауға байланысты 7-12 маусым аралығында барлық полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді», — деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.
Ол 8 маусым тыныштық күні екенін, сондықтан үгіт-насихатқа тыйым салынғанын еске салды.
«9 маусымда сайлау, ол өте ерте басталады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің патруль барлық дерлік жерде жұмыс істейді. Бұл сайлау кезінде өткізілетін қалыпты шаралар», — деп сендірді министр.
Тұрғымбаевтың айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 мың полицей жұмылдырылмақ.