Путин: Қарабақта 5 мыңдай адам қаза болды

690

27 қыркүйекте басталған Таулы Қарабақтағы қақтығыстар кезінде екі жақтан 5 мыңға жуық адам қайтыс болды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин айтты.

 «Қайтыс болғандардың саны екі тарапта да көп. Біздің мәліметтеріміз бойынша, екі жақтан бес мыңдай адам қаза болған», —деді Ресей президенті.

Путин Таулы Қарабақтағы жағдай бейбіт жолмен реттеліп, тараптар ымыраға келуі тиіс деп санайтынын білдірген.

«Ең алдымен атысты тоқтату керек. Олардың ымыраға келгенін қалаймын. Мен президент Әлиевпен де, премьер-министр Пашинянмен де тығыз қарым-қатынас жасаймын. Олармен күніне бірнеше рет телефон арқылы сөйлесіп жүрмін», — деді Владимир Путин.

Abai.kz