Қазақстанда президенттікке кандидаттар тегін тамақ, ақша тарата ала ма?

1071
Қазақстанның ОСК сайлауалды үгіт кезінде қолдануға болатын әдіс-тәсілдерді атады
Президенттікке кандидаттар үгіт-насихат жүргізу кезінде сайлаушыларға тегін тауарлар беруге, ақша төлеуге немесе оны уәде етуге қатаң тыйым салынады, деп хабарлады Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы.
Сайлауалды үгіт үш түрлі жолмен: БАҚ арқылы, сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу арқылы және баспа, аудиовизуалды және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүргізіледі.
«Сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде сайлау науқаны үшін арнайы дайындалған баспа, соның ішінде иллюстрациялық материалдарды, сондай-ақ белгілерді, туларды, жалауларды тегін таратуға болатынын есте сақтау маңызды», — деп жазылған хабарламада.
Дегенмен сайлаушыларға тегін немесе жеңілдікті жағдайларда тауарлар, бағалы қағаздар беруге, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізуге, ақша төлеуге не оларды беруге уәде етуге тыйым салынады.