Қазақстандық боксшы Нұрсұлтанов мексикалықты нокаутқа түсірді

240
Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізді, — деп хабарлайды Ardak.kz ақпарат порталы Vesti.kz  сілтеме жасап.
Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Рамон Агинагимен сегіз раундқа созылған кездесу өткізді. Қазақстандық боксшы оны екінші раундта нокаутқа түсірген. Осылайша Нұрсұлтан кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне жетіп отыр.
Бокс кеші аясында тағы бес жекпе-жек өтті. Кештің ең басты шоуы қазақстандық Мадияр Әшкеев пен пуэрторикалық Луис Эрнандестің кездесуі болды. Әшкеевтің жекпе-жегі он раундқа созылды. Нәтижесінде судьялардың шешімімен Әшкеев жеңіске жетті.
Айта кетейік, Әшкеев пен Нұрсұлтановтың мүдделерін америкалық Main Events промоутерлік компаниясы мен  менеджер Эгис Климас қорғайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз