«Қазпоштаның» 300 миллион теңгесін қолды еткендер бір айдан соң ұсталды – видео

1160
Ұрланған ақша күдіктілердің біреуінің үйіндегі арнайы жабдықталған құпия жерден табылды
Полиция Алматы облысы Жаркент қаласындағы «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшесіне жасалған қарақшылық шабуылды ашты, деп мәлімдеді Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Пошта бөлімшесінен 24 ақпанда 300 миллион теңге ақша ұрланған болатын.
Қылмыскерлерді анықтау жұмыстары өңірдің барлық полиция күштері жұмылдырылды. Нәтижесінде қылмысты жасады деген күдікпен Жаркент қаласының екі тұрғыны ұсталды. Ұрланған ақша күдіктілердің біреуінің үйіндегі арнайы жабдықталған құпия жерден және шаруашылық үй-жайдан табылды.
Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстары ІІМ-нің бақылауына алынған.