«Реактивті снаряд түсті»: Тоқаев Арыстағы зардап шеккен үйлерді аралады (фото, видео)

987
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың отырысын өткізіп, жарылыстан зардап шеккен үйлерді өзі аралап шықты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Арыс қаласындағы жағдаймен танысу үшін Түркістан облысына келген президент қару-жарақ қоймасындағы жарылыстардың зардаптарын қалпына келтіру жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді.
Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев мемлекет басшысына оқиға орнындағы жағдай мен атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
Тоқаев ең алдымен қайтыс болған азаматтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Президент баспанасыз қалған азаматтарды жедел орналастыруды қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдап, зардап шеккендерге қажетті жан-жақты көмек, соның ішінде медициналық жәрдем көрсетуді тапсырды.

Опубликовано Берік Уәли Понедельник, 24 июня 2019 г.

Мемлекет басшысы мемлекеттік материалдық қордың есебінен қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар мен материалдық құндылықтарды беруге пәрмен берді.
Үкімет пен облыс әкімдігіне қалпына келтіру жұмыстарының құнын есептеп шығаруды және тұрғын үйлерді, инженерлік желілерді, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін үкіметтің қорынан қажетті қаражаттың бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнында құтқару және қалпына келтіру жұмыстары барысында ведомствоаралық өзара жүйелі іс-қимылды ұйымдастыруды, сондай-ақ, жарылыстардың себептерін мұқият зерттеуді талап етті.

Фото: Facebook/Берік Уәли
Фото: Facebook/Берік Уәли
Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болып, салдарынан бір адам қаза болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.
Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.