Роналдуды сотқа шақырды

1269
Салықтан жалтарғандығы үшін айыпталған туриндік спорт клубы «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду 22 қаңтарда Мадрид соты алдында жауап береді, деп жазады Mirror басылымы.
Сондай-ақ салықтық алаяқтықпен айыпталған «Реал» жасөспірімдер командасының бапкері Хаби Алонсо да айыпталған.
Роналдудың испандық билікпен 19 млн еуро төлеу жөнінде келісімге келгендігі белгілі болды.Бұдан басқа ол шартты түрде екі жылға сотталуы ықтимал. Айта кетсек, Роналду 2011 -2014 жылдар аралығында 14,7 млн еуро  сомасында салықтық алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Онда португалдықтың жасанды компаниялар арқылы өз табысын жасырғандығы көрсетілген.
дереккөз:inform.kz