САМАЛ ЕСЛӘМОВА «НИКА» КИНО ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

1149

Актриса Самал Есләмова Ресейдің ұлттық кинематографиясының «Ника» жүлдесін жеңіп алды.

2019-2020 жылдардағы үздік фильмдерге берілген марапатта Самал Есләмова «үздік әйел бейнесі» аталымында жеңімпаз болды. Оған бұл марапат режиссер Сергей Дворцовскийдің «Айка» фильміндегі басты рөлі үшін берілген.

Самал Есләмова 2018 жылы Канн кинофестивалінде «Үздік әйел бейнесі» аталымын жеңіп алған еді.