36 шардаралық спортшы бірден Азия чемпионы атанды (фото)

935
Түркістан облысы Шардара ауданының қол күресі шеберлері Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында жеткіншіктер арасында 10 алтын, жасөспірімдер арасында 8 алтын, жастар арасында 8 алтын, ересектер арасында 10 алтын жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
6-11 маусым аралығында Шолпан ата қаласында армрестлингтен жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар және ересек спортшылар арасындағы Азия чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Орта Азия мемлекеттерімен қоса Үндістан, Пәкістан, Иран, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея сынды алпауыт мемлекеттерден спортшылар қатысты.
Фото: NUR.KZ
Төрт жас ерекшелігінен өткен чемпионатта Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының негізі Түркістан облысы Шардара ауданының «Шардара-Армспорт» спорт клубының спортшыларынан құралды.
Аты әлемге шыққан шардаралық спортшылар өздерінің мықтылықтарын тағы да дәлелдеп 4 жас ерекшелігі бойынша 36 алтын медальға қол жеткізді.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ