Сенаттан елге не қайыр?

774

Қазір қоғамда «бізге қос палаталы парламент керек пе, әлде жоқ па?» деген әңгіме жиі қозғалады. Еске сала кететін бір жайт, елімізде қос палаталы парламент 1995 жылғы Конститутцияға сәйкес дүниеге келген. Сенат депутаттары 47 адамнан тұрады. Оның 32-ін мәслихат сайласа. 15-ін президент тағайындамақ. Яғни сенаторлардың үштен бірі мемлекет басшысының сенімді өкілдері.

Мұны мен неге қозғап отырмын. Өйткені алдағы сәрсенбіде елде сенат сайлауы өтеді. Мерзімі таусылған 17 сенатордың орнына соншама жаңа азаматтар келмек. Хош делік. Жалпы Сенаттың қызметі не? Оның бар миссиясы: төменгі палата Мәжілістен келген заңдарды сүзгіден өткізу, жарамсызын кері қайтару, мемлекет басшысының оң жамбасына келетін заңдарды мақұлдап, қол қоюға әзірлеу т.б секілді тірлік. Бар жоғы осы.

Екінші жағынан, Сенат — биліктен шеттетілгендер ат басын тіреп, күн көрісін жалғайтын «жұмақ мекен». Яғни Сенат депутатына жоғарғы лауазымды қызметінен босаған шенеуніктер тағайындалып келеді. Олардан елге не пайда? Не қайыр? Әйтеуір уақыттарын өткізу үшін, қалғып-мүлгіп отырғандары.

Егерде ол орындарға мемлекет үшін, халық үшін барын беретін адал азаматтар келіп жатса әңгіме басқа.

Ақиқатын айтар болсақ, меніңше сенат басы артық құрылым. Оның билікке қажеттілігі бар шығар, бірақ халық үшін, тіпті бюджет үшін қажеттілгі шамалы. Оларды ұстап тұру үшін жылына қаншама миллиардтар кетіп жатыр.

Біз қос палаталы парламент ұстайтындай федералды мемлекет емеспіз. Бір палаталы парламентте жетеді.

Азаматхан Әміртайдың жазбасы

Abai.kz