Шымкентте «Асыл бала» инклюзивті-зияткерлік мектеп-балабақшасы ашылды

1771
Бұл мекеме жалпы білім беретін мектептерде ерекше оқу қажеттіліктері бар балалардың білім алуына жағдай жасалуын қамтамасыз етеді. Аталған білім ұйымы «Асыл бала» республикалық қауымдастығы қорының қолдауымен ашылды.

Мектеп-балабақшаның ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен Мектепке дейінгі мекемелердің Қазақстандық қауымдастығы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Л.Куленова қатысты.

Жүз балаға шақталған мекеме ұжымы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды бейімдеумен қоса оларға халықаралық «Usmas» ментальді арифметика әдістемесін үйретеді. Мектеп-балабақша қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Әр бөлме сол топ балаларының жас ерекшілігіне қарай дайындалған. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында балабақша бөлмелері, ойын алаңшалары, жатын бөлмелер мен дәліздер бейне-камерамен жабдықталған.
Дереккөз:ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ