Шымкент инвестициялар жұмылдыру орталығына айналады

1751

Шымкентте өткен «Shymkent Development forum-2018» алғашқы инвестициялық форумда жалпы құны 200 млн АҚШ долларды құрайтын 11 меморандумға қол қойылды. Форумның басты мақсаты – Шымкенттің инвестициялық климатын жақсарту мен үшінші мегаполистің экономикасына инвестиция жұмылдыру

Негізгі баяндаманы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жасады. «Шымкент Қазақстанның оңтүстігіндегі агломерация ошағына айналды. Қала көлік және теміржолдардың түйіскен тұсында тұр. Болашақта бұл жерде үлкен көлік хабы болады. 10 жылдың ішінде қаланың экономикасы 20 есе өсті. Өндірістік өнеркәсіптің көлемі бес жылда 2,5 еседен асып, 470 миллиард теңгені құрады. Шағын және орта бизнестің үлесі 37 пайызды құрайды. Фармацевтикалық кластер жақсы дамуда, текстиль кластері сәтті жұмыс істей бастады. Әуежайдың жанынан 100 гектар аумақта сауда-логистикалық аймақ ашылды. Бұл аймақта «А» класты қоймалар, кеден, салық органдары орналасқан. Соның нәтижесінде кәсіпкер өзіне қажет құжаттың барлығын «бір терезе» қағидасы бойынша ала алады. Кедендік рәсімдеу онлайн өткізіледі. Жалпы, Шымкенттің дамуы екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншісі – экономиканың жылдам дамуы, соның нәтижесінде қала сауда және өндіріс орталығына айналады. Екінші бағыт – көптеген қазақстандықтар Шымкентке келетіндей қолайлы жағдай жасау. Осы мақсатта әуежайдың жаңа терминалының жобасы жасалған. Халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа әуежай 2020 жылдың бірінші жартысында ашылады деп жоспарлап отырмыз»,  деді үшінші мегаполистің даму жоспарымен таныстырған Ғабидолла Әбдірахымов.

Форумда сөйлеген басқа спикерлердің арасында «Copenhagenize Design Co» компаниясының бас директоры, Копенгаген қаласының экс-мэрі Мортен Кэйблл, ресейлік белгілі урбанист, «Адамдарға арналған қала» жобасының авторы Аркадий Гершман, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун, «TUV International GmbH» Шығыс Европа бойынша өңірлік директоры Николас Нотис және басқа да сарапшылар болды.

Алғаш болып Шымкент әкімі Ғ.Әбдірахымов пен «Hyundai Trans Auto» ЖШС директоры В.Вяткин және «MAYDAY KAZKHSTAN» ЖШС төрағасы А.Хидаят арасында үш жақты әріптестік меморандумы түзілді. Оның аясында қалалық жедел жәрдем қызметінің автопаркін жаңғырту үшін 13 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмылдырылмақ. Алғашқы 100 жедел жәрдем көлігі келесі жылдың бірінші жартысында сатып алынады.

Шымкент колледждеріндегі техникалық кәсіптік білім беруді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңғырту жобасы да назардан тыс қалмады. Қала әкімдігі, «Asia-Trafo» ЖШС және германиялық «Raymond Academy» компаниясы меморандумға қол қойды. Бұған қоса қала құрылысы, автокөлік және өндірістік қауіпсіздік салаларында халықаралық стандарттарды сақтау бойынша, Шымкент индустриалды аумағында құны 8 млн долларлық ферро-силико-мырыш зауытының құрылысы бойынша меморандум жасалды.

«Вest Textile» компаниясымен Шымкент арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 15 млн доллар болатын текстиль фабикасының құрылысы бойынша меморандум, туризм және қонақ үй бизнесі саласында бірге инвестиция тарту және әріптестік бойынша меморандум түзілді.

Ал Қажымұқан атындағы Орталық стадионды жаңарту жұмыстары Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахманов пен Словенияның «Colosseum» компаниясының президенті Ян Енче қол қойған меморандум аясында жүзеге асырылады. Жобаның құны — 44 млн еуро.

«Шымкент» ӘКК «Shymkent city» қалашығында тұрғын үйлер мен басқа нысандар салу бойынша құрылыс компанияларымен меморандум жасады. Құны 17 млн доллар болатын жобаны қазақстандық «BI-Group» жетекші құрылыс компаниясы жүзеге асырса, Түркияның «Конкор-строй» компаниясы нысандарға 83 млн доллар инвестиция құюға әзір, «Строй Прогресс-Сервис» компаниясымен де меморандум түзілді.

Otyrar.kz