«Шымкентский движение». Су жаңа әкім туралы ел не дейді?

1033
Дегенмен аузы күйген үріп ішеді демекші, желідегі көзі қарақы қауымды бұл арада күпті ететін бір жайт бар.
Шымкент қаласының әкімінің орны босай сала, ол орынтаққа ие болатын үш адамның аты бірдей аталды, тіпті оның екеуі БАҚ беттерінде ресми түрде жарияланып та кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ары-бері, әрі-сәрі…
Ең бірінші болып, Төлеутай Рақымбековтың аты аталды. Бұл жаңалықты көпшілікке Фейсбук арқылы саясаттанушы Ғалым Байтук жеткізді.
«Зың-зың әкім кетті. Шымкент қаласының жаңа әкімін құттықтаймын! Төлеутай Рақымбеков мырза, жаңа жауапты қызметіңізді сәтті дөңгелетіп кетеді деп сенеміз. Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының жиынында Төкенің канидатурасы бірауыздан қолданып, қабылданды» деп жазды ол 30 шілдедегі жазбасында.

Зын Зын акима больше нет.Поздравляю нового акима г. Шымкент! Толеутай Рахимбеков думаю Вы справитесь с новой…

Опубликовано Galym Baituk Вторник, 30 июля 2019 г.

Төлеутай Рақымбеков — ҚР Президенті сайлауына қатысқан кандидаттардың бірі, экономика ғылымдарының докторы, «Ауыл» партиясының өкілі. Бизнеске араласып, өз ісін жандандыруынан бөлек, Сәтбаев қаласы әкімінің, одан соң Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған. Негізінен, Қарағанды өңірінің тумасы.

Дегенмен, іле-шала Асқар Бейсенбаевтың әкім болғаны туралы бүкіл БАҚ жарыса жаза бастады. Онда да ресми дерек көзіне емес, жергілікті Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

Енді бұл кісі осы өңірдің тумасы, Түлкібас ауданында дүниеге келген. Мамандығы – инженер-технолог. Бір жылдары өзі туған Түлкібас ауданының әкімі де болған. Кейіннен Мәжілістің, одан соң Сенаттың депутаты болып сайланды. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетін басқарады.
Бір уақытта БАҚ-тар ресми ақпаратты тарата бастады. Ал ресми дерек Асқар Бейсенбаевтың әкім болғанын растамады. Шын әкім Ерлан Айтаханов болып шықты. Мамандығы — экономист әрі заңгер. Осыған дейін Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі болған. Бастысы, ол Сенаттағы Қуаныш Айтахановтың баласы екен.
Сенатордың баласы деген аттан ел неге үркеді?
Жаңа әкімді тағайындауда мұндай ары-бері, әрі-сәрі іс-қимыл әлеуметтік желі қолданушыларын «шымкентский движение» болып жатыр деген болжамға әкелгендей. Бірақ, көбісі ондай іс-әрекетке жол берілген жоқ деп топшылайды. Өйткені Тоқаев билікке келгеннен-ақ сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауды ең бірінші боп қолға аламын деп уәде еткен. Соған халық кәдімгідей сеніп отыр. Дегенмен аузы күйген үріп ішеді демекші, желідегі көзі қарақы қауымды бұл арада күпті ететін бір жайт бар.
Сенатордың баласы десе, қазір кәдімгідей ел шошиды. Мысалы, Сағадиевтың Білім министрі болған баласының қылмағаны жоқ қой. Бірақ тапжылмай тәуір отырды орынтағында. Оның біраз былығынан қазіргі президент Тоқаев та хабардар. Сенатор болып тұрғанда Қасым-Жомарт Кемелұлы да кітаптағы қателерді мәселе ретінде көтерген. Оқушы дәптерінің өзін кітапқа айналдырып, «бизнес» қылған Ерлан Сағадиев, біле білсеңіздер, бір баланың емес, мұқым Қазақстан балаларының денсаулығына зиян келтірген. Иә, тағы әлеуметтік желіде бір ата-ана оны көзіне шұқығандай етіп, жұрттың көзінше оқушы сөмкесінің салмағын өлшеп көрсеткен.
Дене шынықтыру киімін салмағанның өзінде 6,5 келіден асып кеткен. Ал халықаралық стандарт бойынша, бастауыш мектептің оқушысының сөмкесі 2,5-3 келіден аспауы керек екен. Сонда ол не деп жауап қатты дейсіздер ме? «Сөмке ауыр емес деді, артынан электронды кітап шығарып жатырмыз деді, одан соң балалар енді сөмке тасымайды, мектепке тастап кетеді кітабын, өйткені шкафтар орнатып жатырмыз» деді. Әйтеуір бет бақтырған жоқ…
Электронды оқулыққа бөлінген ақшаны депутаттар тағы өзіне санап берді. Ал қайда енді ол кітабын десе, тағы да тұщымды жауабы болмады. Сөйтіп ол бәрін жын қылған. Сондықтан ол қызметінен кеткенде «уф» демей қалған адам кем де кем шығар. Иә, халық кәдімгідей зәрезап болып қалды. Енді міне, министр болмаса да халық көп шоғырланған қалаға тағы бір сенатордың баласы келіп тұр. «Арты жақсы» болса екен деп тілейді іші күпті жұрт.