Шымкентте әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары ашылды

1570
Шымкентте көп балалы аналарға қызмет көрсететін орталық қызметін бастады. Бұған дейін қалада аналар кеңес сұрап, құжат өткізетін мекеме біреу ғана болса, енді төрт ауданнан бөлімше ашылып отыр. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова жаңа орталықтарда болып, аналармен жүздесті.
Бұл орталықтарда тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасалған. Күту залында аналар емін-еркін отыра алады.
– «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII cъезінде Елбасы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты мемлекеттік бастамалар тапсырды. Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың қолдауымен төрт ауданнан орталық ашылды. Қазір аналарға құжат тапсыру барысы түсіндірілуде. Ал 1-30 сәуір аралығында әлеуметтік көмек алу бойынша құжат қабылдау басталады, — деді Г.Құрманбекова.
Айта кетейік, Шымкентте 30 мыңға жуық көпбалалы аналар бар. Енді көп балалы аналар әлеуметтік көмек алу үшін кеңес алып, құжат өткізуде өз аудандарында ашылған орталықтарға бара алады.
Орталықтардың мекенжайы:
Еңбекші ауданы бойынша – Қапал батыр көшесі, н/ү;
Абай ауданы бойынша – Мәделі қожа көшесі, н/ү (халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты);
Әл-Фараби ауданы бойынша – Ш.Қалдаяқов көшеі, 13А;
Қаратау ауданы бойынша – Бәйдібек би көшесі, н/ү.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ