Шымкентте алимент өндіру бойынша жұмыс тобы құрылады

1511
Шымкентте «Проблемалық алименттерді өндіріп алу» мәселелері жөнінде жиын өтті.
Басқосуға  қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен сот саласының, құқық қорғау органы өкілдері мен төрағалары қатысып, пікір алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиында сөз сөйлеген жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының басқарма төрағасы Ернар Ибраев ағымдағы жылдың басынан бері жеке сот  орындаушыларға  қатысты 2000-нан астам арыз-шағым түскенін айтып өтті. Оның ішінде 756 шағым алимент өндіру мәселесіне қатысты болған. Жиында қала әкімі Ғабидолла  Әбдірахымов та бұл салада қордаланған біраз мәселелер бар екенін жеткізді.
null
«Бұл дер кезінде көтеріліп отырған өзекті мәселе. Әлі де болса түйіні тарқатылмаған жұмыстарды бірлесе шешуіміз керек. Осы орайда ҚР Әділет министрлігі, республикалық палата және әкімдік арасында меморандумға қол қойдық.  Тағы қосымша іс-шаралар жоспары бар. Ал өңірлік деңгейде Әділет департаменті мен жеке сот орындаушылар бірлесе жұмыс тобын құруы тиіс. Соның нәтижесінде біз мәселелерді жылдам шеше аламыз», — деді қала әкімі.
null
Қоғамда алимент төлеуден жалтарып, іс жүзіндегі табыстарын жасырып жүрген әкелер көп. Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы Орынбасар Тастанов өз баяндамасында негізгі атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
null
Оның мәлімдеуінше,  қазіргі таңда Шымкент қаласының сот орындаушыларының өндірісінде жалпы 7926 өндіру туралы іс бар. 4737 балаға қатысты алимент төлеу өндірілуде. Оның ішінде 2924 борышкер алиментті өз еріктерімен төлеуде. Жалпы 3822 бала өздеріне тиесілі қаражатты қажетті деңгейде ала алмай келеді.
null