Шымкентте екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

2199
Үшінші мегаполис тұрғындарына автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін алу немесе ауыстыру бойынша мемлекеттік қызметтер қолжетімді бола түсті. Бүгін қала әкімінің орынбасары Д.Жуминнің қатысуымен Қ.Төлеметов көшесінің бойынан екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы салтанатты түрде ашылды.
Мұндағы мамандар бір тәулікте 400 адамның құжатын рәсімдеп бере алады. Жаңа орталықта автокөліктерді тіркеу және есептен шығару мемлекеттік қызметтері көрсетілетін болады. Электронды бақылау жүйесі қосылған ғимарат толық автоматтандырылған.
Жаңа мамандандырылған орталықта 52 қызметкер жұмыс істейді. Ал дайын құжаттарды қабылдау және беру қызметіне 20 жұмыс орны құрылып отыр. Ғимарат алдында 150 автокөлікке тұрақ қарастырылса, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар мен шақырту түймелері орналасқан.
Айта кетейік, аталған ХҚКО аптаның алты күнінде сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ