Шымкентте көпбалалы отбасылар мен жетім балалар баспаналы болды

350
Бүгін «Шымкент сити» қалашығында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйлердің пәтер кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
540 жалдамалы пәтер көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз өскен балаларға және басқа да әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға берілді. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген еліміздің жаңа әлеуметтік саясаты «Әлеуметтік қамқорлық» мемлекеттік бағдарламасы асясында жүзеге асырылып отыр.
Көпбалалы отбасыларға баспана кілтін тапсырған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов олардың «Шымкент сити» қалашығындағы алғашқы тұрғындар екенін айтты.
Шымкентте көпбалалы отбасылар мен жетім балалар баспаналы болды
Шымкентте көпбалалы отбасылар мен жетім балалар баспаналы болды
«Шымкент сити» қалашығы шаһарымыздың жаңа әкімшілік-іскерлік, мәдени орталығына айналады. Бұл қалашықта халық жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалады. Әлеуметтік нысандар — мектептер мен балабақшалар, емханалар және қала тұрғындары тынығатын демалыс орындары, кино-концерт залы, спорт кешені, конгресс холл және басқа да  көптеген ғимараттар бой көтереді. Біздің ең басты мақсатымыз — қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау»,-деді әкім.
Айта кетейік, Шымкентте жыл соңына дейін 828 пәтерлі 14 арендалық коммуналдық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұдан басқа, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы арқылы 246 пәтерлі 5 кредиттік тұрғын үй берілсе,  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы Нұрсәт тұрғын алабында 656 пәтерлі 11 кредиттік тұрғын үй, «Шымкент» ӘКК арқылы 1016 пәтерлі 24 кредиттік тұрғын үй тапсырылады.
Шымкентте көпбалалы отбасылар мен жетім балалар баспаналы болды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз