Шымкентте университеттің 75 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің ескерткіші ашылды

3813
Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдығына орай,  жазушы Мұхтар Әуезовтің ескерткіші мен жаңадан жасақталған «Мұхтартану» орталығы ашылды.
Ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі, Түркістан облысының және Шымкент қаласының әкімдері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Биіктігі 5 метрден асатын ескерткіштің авторы Жақып Құттыбек.

Жаңадан ашылған орталықта ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығымен кеңінен танысуға болады.

Мерекелік шара жастар шеруімен жалғасып, университет тарихын баяндайтын фотокөрмеге ұласады.

Осы айтулы датаға орай, университет жанынан «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылған болатын. Мұнда тәлім алушылар өздері жайында барлық ақпаратты біле алады.

Сонымен қатар, білім ордасының «А» корпусы алдынан Сұлтан Сүлейменовтің еңселі ескерткіші ашылды. Тұғырлы тас мүсін есімі университеттің алғашқы кафедрасымен бірге айтылатын академик — Сұлтан Сүлейменовтің құрметіне орай орнатылды.

 

Nur.kz