Шымкентте татуластыру алаңы ашылды

1070
Бұл республика бойынша тұңғыш бастама.
Жұмыс іздеп жүрген шымкенттік жанжалдасып жүрген болса сотқа жүгінбей ақ бітімге келуге мүмкіндігі бар. Еліміздің үшінші мегаполисінде халықты жұмыспен қамту орталығында медиация орталығы ашылды. Бітімгершілік пен татулыққа үндейтін орталықтың ашылуына Шымкент қаласы Қаратау аудандық соты ұйытқы болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл республика бойынша тұңғыш бастама көрінеді. Татуласу алаңының ашылуына Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахманберді, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Балтаев және ассамблея мүшелері қатысты.
«Халықты жүмыспен қамту орталығына тұрғындар көбінесе өзекті мәселесімен келеді. Сондықтан осында медиация тәртібін қолға алсақ дейміз. Азаматтарда болған дау-жанжалда бірден сотқа жүгінбей, медиаторлардың көмегімен өзара татулықпен шешуі тараптар үшін тиімді. Тұрғындар көбіне медиаторларды іздеп барғысы келмейді, ол туралы ақпараты жоқ болуы мүмкін. Ал орталықта әлеуметтік мәселесімен қатар, құқықтық жағдайының шешілуіне мүмкіндігі бар,» — деді Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахманберді.
Татуластыру кабинетінде «Дана» құқық және медиация орталығының кәсіби медиаторлары қызмет көрсетеді. Орталық салтанатты түрде ашыла сала кабинеттен кеңес сұраушылар көбейген.