Шымкенттік дәрігерлер айықпас дертке шалдыққан балаларға қуаныш сыйлады

963
Шымкенттік дәрігерлер айықпас дертке шалдыққан балаларға қуаныш сыйлады. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев бастаған бір топ медицина қызметкерлері ем қабылдап жатқан жеткіншектердің көңілін аулап, сыйлықтар үлестірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салтанатты шарада әртүрлі ертегі кейіпкерлері балаларға арнап қойылым көрсетті. Тәттілер таратылып, науқас балалардың жүздеріне қуаныш ұялады. Бұл күні ақ халаттылар сондай-ақ, мамандандырылған бөбектер үйіне де барды. Арнайы мекемеде шілдехана тойы ұйымдастырылып, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ата- анасының қарауынсыз қалған бөбектердің тұсауын кесті.
Дәрігерлер бұдан бөлек №2 және «Мейірім» балаларды оңалту орталықтарында емделіп жатқан балғындарға да мерекелік көңіл күй сыйлады. Медицина мамандарынан түрлі сыйлықтар алған бүлдіршіндер оларға концерттік бағдарлама қойып, өз өнерлерін көрсетті.
Дәл осындай мереке қарсаңындағы шара қаладағы «Ана мен баланы емдеу» орталығында да өтті. Онда бір топ емханалар мен ауруханалардың бас дәрігерлері ВИЧ-ке шалдыққан балаларды құттықтап, ойыншықтар мен тәттілерді тарту етті.
Шымкенттік дәрігерлер айықпас дертке шалдыққан балаларға қуаныш сыйлады