Шымкенттік оқушылар қазақша сөйлейтін робот құрастырып шықты

442
Шымкентте «U:hack» инновациялық идеялар фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мегаполисте алғаш рет ұйымдастырылған іс-шараға зал толы жастар қатысуға ниет білдірген. Жастар жылы аясындағы фестивальді Шымкент қаласы əкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай ашып, жастарға сəттілік тіледі.
Қатысушылар өз таңдауы бойынша 4 секцияға бөлінді: «IT», «Контент және медиа»,  «Кино және видео», «Кәсіпкерлік». Жүлде қорындағы «Shymkent» ӘКК» АҚ тағайындаған 2 млн теңгені ұтып алу үшін қатысушылардың 24 сағат уақыты бар.
Айта кету керек, осы іс-шарада №65 мектебінің оқушыларынан құралған INO командасы қазақша сөйлейтін роботын таныстырды. Фестивальге жиналған 1000-ға жуық қатысушыны таң қалдырған робот арнайы мобильді қосымшамен басқарылады. Сервистік робот өзі қозғалып, қазақша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Шымкенттік оқушылар қазақша сөйлейтін робот құрастырып шықты

Елдос Тұранның айтуынша, роботты құрастыруға 1 апта уақыт кеткен. Оны Ino.lab инновациялық лабораториясында жасап шыққан. Жас өнертапқыштар бүгінде аталған зертханада ақпараттық технологияларды меңгеріп жүр. Олар болашақта жасанды интеллектпен жұмыс істейтін осындай роботтарды көптеп жасамақ.

Шымкенттік оқушылар қазақша сөйлейтін робот құрастырып шықты

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз