Шымкенттіктерді ауыз сумен қамтуда күрделік жоқ

1045
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы стратегиялық маңызды нысандардың бірі»Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС сақтық шаралары қатаң сақталуда.
Мекеме қызметкерлері жұмысқа келгенде  арнайы құрылғымен тексеріліп,  бетперде кию міндеттелген.
Коронавирус індетінің таралуына тоқсауыл қою мақсатында  кәсіпорында суды   тазартуға аса  көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, мекеме басшылығы төтенше жағдай кезінде қарызы жиналып қалған азаматтарға су беруді тоқтатпайтынын мәлімдеді.
Жанатбек Тұрдалиев, «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-і бас директорының орынбасары: «Төтенше жағдай кезінде берешегі  пайда болған азаматтарға коммуналдық қызмет көрсетуді тоқтатпау жөнінде табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінен ұсыныс хат алдық. Біз су беруді тоқтатпаймыз. Алайда қарыздың аты қарыз. Мүмкіндігінше, тұрғындар  тұтынған суға төлемді  жинамай, айма-ай төлеп жатқаны өздеріне де, бізге де жақсы».
Шынар Оразова 

Дереккөз:kz.otyrar.kz