Сот Шымкентте медбикені зорлаған дәрігерге үкім шығарды

647
Жәбірленуші бұл шешімге наразылық білдірді.
Шымкентте медбикені зорлаған дәрігер 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол алдында кінәсінің дәлелінің болмауына байланысты ақталған болатын, деп хабарлайды zakon.kz.
2019 жылдың қыркүйегінде дәрігердің зорлық фактісі бойынша ұсталғаны туралы мәлімет тарады. Медбике полицияға арызданып, өзіне бастығы жұмыс орнында ұятсыз ұсыныс жасағанын, одан бас тартқанда зорлап тастағанын айтқан. Оның айтуынша, зорлық фактісі сәуір айында болған, ол бірден полицияға шағымданбаған, өйткені ол бұл мәселені аурухананың басшылығымен шешуге тырысқан.
Бір айдан кейін зорлады деп айыпталған дәрігер кінәсінің дәлелі болмағандықтан ақталып шықты.
Жәбірленуші бұл шешімге наразылық білдірді. Ақырында арада бір жыл өткенде медбике дәрігердің кінәлі екенін дәлелдеді.
Жақында Шымкент қалалық сотында сот отырысы өтіп, онда дәрігер кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Айыпты сот залында қамауға алынды. Сонымен қатар, дәрігерге жәбірленушіге 1 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеу міндеттелді. Сот айыпталушының бұрын сотты болмағанын, сонымен қатар оның кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерді. Сондай-ақ, бір жыл бұрын зорлық-зомбылық орташа ауыр қылмыс болып саналғаны ескерілді.