«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і келушілерді қабылдауды тоқтатады

889
Компания стратегиялық мекеме болып табылады, сондықтан қызметкерлердің денсаулығын сақтау үшін санитарлық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Мекеменің орталық кеңсесінде келушілерді қабылдау тоқтатылды.
27 наурыздан бастап кәсіпорын жұмысшыларының көпшілігі қашықтан жұмыс режиміне ауысады. Бұл халықпен және заңды тұлғалармен, кеңсе және басқа да бөлімшелермен жұмыс жасау қызметтеріне қатысты. Сондықтан кәсіпорын әкімшілігі «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң жауапкершілік аймағына кіретін Шымкент қаласының тұрғындарынан кеңсеге келуді емес, интернет-ресурстар мен телефон арқылы кәсіпорынмен байланыс орнатуды сұрайды. Осылайша, өзіңізді шамадан тыс тәуекелге ұшыратпаңыз және қалада қажетсіз қозғалыстар жасамаңыз.
Магистральдық құбырлардағы судың ағуы, төмен қысым және басқалар үшін Орталық диспетчерлік қызметке (ЦДС) мына телефондар бойынша қоңырау шалыңыз: 8 (72 52) 32 12 74, +7708 110 21 21 (вацап).
Жеке тұлғалардың төлемдері мен тарифтеріне қатысты мәселелер бойынша қоғаммен байланыс қызметіне (СПРН) хабарласыңыз: +7707 121 05 65.
Заңды тұлғалар мәселелері бойынша: 8 (7252) 32-23-27.
Басқа сұрақтар мен шағымдармен сіз Инстаграм және Facebook әлеуметтік желілеріндегі кәсіпорынның аккаунттары арқылы қоғаммен байланыс бөліміне қоңырау шалып, жаза аласыз, келесі нөмірлерге қоңырау шалыңыз: +77019892219 (вацап),
Канцелярия: kense@wrm.kz
Естеріңізге сала кетейік, сіз көрсеткіштерді біздің wrm.kz сайтынан таба аласыз. Сондай-ақ, сайтта сіз су және кәріз қызметтері туралы түбіртекті басып шығара аласыз.
Дендеріңіз сау болсын, өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлықпен қараңыз!
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әкімшілігі.