«Супер-Коп», «Супер полицей»: Шетелдіктер он үшінші қабаттан секіріп педофилді ұстаған қазақ полициясы туралы жарыса жазуда

1534

Педофилдің артынан  он үшінші қабаттан секірген алматылық полицей шетелдіктерді таң қалдырды.

Бұл туралы Caravan.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

 «Нағыз Батыр!», «Нағыз Коп!», «Супер Коп!» Мұндай пікірлер педофилді ұстау үшін секірген қазақстандық полицей туралы жаңалықтардан кейін пайда болды.

Полицеймен болған сұхбатты ондаған халықаралық БАҚ, соның ішінде Daily Mail басылымы басып шығарды. Британдық басылым өзінің интернет-порталында көптеген материалдар жариялады. Мақалада Алматы қаласында педофилді ұстау оқиғасы егжей-тегжейлі жазылған. Полиция майоры Бақытжан Бәкіров күдіктіні қуып жетеді, алайда қашқын 13-ші қабаттың терезесінен секіргенде, полицей дереу оның соңынан секіріп кетеді. Төменде терраса бар болып шықты. Аяғы сынғанына қарамастан, полиция қызметкері қылмыскерді оның серігі Мейір Несіпбай келгенге дейін ұстап тұрды, деп жазады Daily Mail. Қазақстандық батыл полиция қызметкерінің оқиғасы бүкіл әлемдегі оқырмандар тарапынан қолпаштау мен қолдауға ие болды. Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Испания, Индонезия, Швеция, Филиппин және басқа елдердің тұрғындары қазақстандық полицейді «нағыз батыр», «нағыз полицей», «аты аңызға айналған полиция қызметкері», «супер-полицей», «ержүрек офицер» деп жазды. «Басқаларға үлгі», «тамаша полиция», «өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын батыл офицер» деген пікірлер де қалдырды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тұрғындар Бақытжан Бәкіровтың тезірек сауығып, қызметке оралуын тілейді.

Кейбір комментаторлар жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлерінде батылдық жоқ деп жазды. — Біздің полиция да осылай жасай алады деп елестете алмаймын. Ұлыбританиядағыдай емес », — деп атап өтті портал оқырмандары. АҚШ-тағы кейбір сайт оқырмандары тіпті қазақстандықтар келіп, америкалық әріптестеріне нағыз полиция қызметкерінің қалай жұмыс істейтінін көрсетсін деген тілектерін білдірді: «Ол АҚШ-қа келіп, полиция қалай жұмыс істейтінін көрсетуі керек», «Суперкоп! Америкалық баспасөз Бақытжан Бакировты Голливуд фильмдерінің супер-полициясымен салыстырды. Колумбиялық бір газет «Батыр! Қазақстандық полицей педофилді ұстау үшін 13-ші қабаттың терезесінен секірді» деген тақырыппен басты мақала жарияладын . Біздің полиция қызметкері туралы жаңалық ағылшын, испан, араб, қытай және басқа тілдерде шықты.