Шымкентте митинг ұйымдастырған азаматтар анықталды

133
Қазір оларға қатысты Қылмыстық кодексінің 274 бабының 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Наразылық шеруіне қатысқандар екі сағатқа созылған түсіндіру жұмысынан кейін тарап, үйлеріне қайтқан.
Олар Шымкент басшылығынан жер телімі мен үй талап еткен.
«Азаматтарды билікке бағынбауға шақырғандарға қатысты істі қозғадық. Процессуалдық шешімді қабылдауға дайынбыз. Рұқсатсыз шеруді ұйымдастырғандардың басты мақсаты не? Бұған келуге не итермелегенін анықтаймыз», — деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Айта кететін жайт, құқық қорғау органдары тарапынан митингке шыққандарға қарсы күш қолданылмаған.
Дереккөз:nur.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз