Таразда екі полицей парамен ұсталды

1328
Таразда жол-патрульдік полиция батальонының екі  инспекторы парамен ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәлім болғандай, полицейлер жолда жүру ережесін өрескел бұзған жүргізушіден оны әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 40 мың теңге сұраған. «Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің, 366-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сондай-ақ қызметтік тексеруді тағайындау бойынша пара үшін ұсталған тұлғалардың командирлерін де  жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады. Сыбайлас жемқорлықтар бойынша құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу шараларын Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің өзі ерекше бақылауда ұстап отыр»,- делінген ведомство ақпаратында.
Күдікті екі қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамалды