Тоқаев Асқар Мырзахметовті қызметінен босатты

1117
Жамбыл облысының әкімі қызметіне Бердібек Сапарбаев тағайындалды, ол премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының жарлығымен берілген өтінішіне орай Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды», — делінген сайтта.
Оның орнына президенттің жарлығымен премьер-министрдің орынбасары болған Бердібек Сапарбаев тағайындалды.
Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметіне 2018 жылдың 10 қаңтарында келген болатын.
Бердібек Сапарбаев туралы не білеміз?
Бердiбек Мәшбекұлы Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында туған.
1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.
Түрлі жылдары министрлер кабинеті аппаратының жетекшісі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарды.