Тоқаев жастармен үстел теннисін ойнады

433
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына сапары барысында жастармен үстел теннисін ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында «Спорт шеберінен шеберлік сабағы» деген тақырыппен видео жариялады.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайында Батыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы өңірдегі әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылыстарының қарқынын арттыруды тапсырды.
«Шетелдік инвестиция есебінен екі бірдей алыс ауданның орталығына дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салу жұмыстары басталды. Бұл — өте жақсы көрсеткіш. Әкімдікке Жастар жылы аясында барлық аудандарды осындай дене шынықтыру кешендерімен қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз