Түркістан облысында медициналық қолғаптарды сынаған хирургтің қызметі өсті

771

Түркістан облысында медициналық қолғаптардың сапасын сынға алып, кейін жұмысынан босатылған хирургтің қызметі жоғарылады. Белгілі болғандай дәрігер бүгіннен бастап жаңа қызметке кіріскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысы Келес аудандық ауруханасының хирург дәрігері қызметін атқарған Қайрат Сейдуәлиев енді Сарыағаш аудандық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасындағы тікелей эфир кезінеде мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгін Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пашаев бұл іске араласып, мән-жайды анықтап, нәтижесінде жұмыстан шығарылған Қайрат Сейдуәлиев жаңа жұмысқа орналастырылған.

Тікелей эфир барысында облыс әкімінің орынбасары Қалқаманов қазіргідей медициналық қызметкерлердің қызметі қат кезінде түсіністікпен қарап, емдеу мекеме басшыларына қызметкерлеріне мұқият болып, жұмыстан босатпауды сұрады.

«Қазіргідей кезде дәрігерлерді жұмыстан босатуға болмайды. Барлық аурухана басшыларына осындай үндеу жасағым келеді. Қандай да бір кемшілік болса оны видеоға түсіріп тарату да дұрыс емес. Мекеме басшысына, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына, тым болмаса облыс әкімі орынбасарларына шағымдансын», — дейді Сәкен Қалқаманов.

Опубликовано Сакеном Калкамановым Четверг, 2 июля 2020 г.