Тұрғымбаев Қасымовқа қарсы куәлік беруді бұйырған ба?

94
ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты «Қазақстан» шипажайының бұрынғы басшысы Қазбек Сұлтанның әйелі Альмира Сұлтан Facebook-тегі жеке парақшасында мәлімдеме жасап, күйеуіне қатысты істе ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың тарапынан қысым жасалып жатқанын айтыпты. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі жазды.
Нақтырақ айтсақ, Ол тергеушілер өзінің күйеуінен ҚР ІІМ Е.Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша бұрынғы министр Қалмұханбет Қасымовқа қарсы куәлік беруін талап еткенін жазды.
«Күйеуімнің айтуы бойынша, ІІМ тергеушілері М.Сарбасов пен Б.Есмаханов Ішкі істер министрі Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша, Одан бұрынғы министр Қ.Қасымов пен оның орынбасары Б.Бисенқұловқа қарсы куәлік беруін талап еткенін білдім. Жедел тергеу тобының жетекшісі (ЖТТ) Б.Есмаханов ТЖ мен карантин кезінде ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекс талаптарын бұза отырып, еш ескертусіз, адвокаттардың қатысуынсыз ЛА155/18 тергеу изоляторында күйеуіммен кездескен (беседа по душам). Күйеуімнің айтуы бойынша, ол жерде психологиялық қысым жасалып, «келісім» (сделка) ұсынған. Күйеуім одан бас тартқан. Өйткені, өз бостандығын қатерге тіксе де, кәнәсіз адамдарға жала жаба алмаған. Міне, сегіз айдан бері еш себепсіз тергеу изоляторында отыр», — деп жазыпты Альмира Сұлтан.
Ол сондай-ақ, Сұлтан әулеті түгел дерлік тергеу органдарының жіті бақылауында екенін, ал күйеуінің «қысым жасап, керекті куәлікте алу үшін» дереу тұтқындалғанын айтқан.
Альмира Султан суреті.
(Альмира Сұлтан)
«Біз тергеу басталғалы бері бұл туралы мүлде айтпадық. Себебі, тергеушілер ұйымдасқан қылмыстық іс қозғап, барлық туыстарымызды «қамайтынын» айтып қорқытты. Біз өзімізге қатысты қысым көрсек те, бұл туралы айта алмадық. Ақыры не болар екен деп сақтандық. Бірақ, жуырда біздің 25 жасар қызымызды да ұстап әкетті. Ол осы уақыт ішінде карантинде жатса да, әкесі секілді темір торға қамамақ болды. Тергеу органдары арада сегіз ай өткенде Оның (қызының) қылмыстық іс тергеуіне кедергі келтіруі мүмкін деп есептеуі – абсурд! Біздің басымызға қайғы түсті. Оның осы стресстер мен қысымнан кейін баласы түсті. Бірақ, бұл да оларды тоқтатқан жоқ. Сондықтан, біз үнсіз жатпауды шештік. Бұл іске ІІМ мүдделі. Олардың жұмыс тәсілі өзі-ақ айтып отыр. Мен ешкімді қорып отырғаным жоқ. Обьективті тергеу жүргізілуін және күйеуімді изолятордан босатуын сұраймын. Ол ауырып жатыр және күтемге мұқтаж», — депті өз мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін «Қазақстан» шипажайының бұрынғы басшысы Қазбек Сұлтанның кіші қызы ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Ол әкесінің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін деді.  Ал кеше Қазбек Сұлтан 974 миллион теңгені қолды қылған деген ақпарат тарады.
Қосымша:
Что известно о подозреваемом в хищении почти миллиарда тенге экс ...
«Қазақстан санаториі» АҚ тарихы 1985 жылдан басталады. «ҚазССР ІІМ-нің «Қазақстан» санаториі» деген атпен танымал көп функциялы шипажай.
1999 жылы санаторий мен ІІМ госпиталі біріктіріліп, «Қазақстан» ҚР ІІМ-нің емдік кешені» болып өзгерді. 2004 жылы «Қазақстан» ҚР ІІМ-нің емдік кешені» қайта құрылып, «Қазақстан» санаториі» АҚ болды. «Қазақстан» шипажайы Алматыда,  Ілі Алатауының етегінде орналасқан. Территориясы – 6,3 га. Тұрғын үй кешенінің аумағы 15 мың кв.м.
Қаз ТАГ редакциясы аталған мәселеге қатысты ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың атына сауал жолдапты. Айтылған ақпараттың ақ-қарасын сұрапты. ІІМ баспасөз қызметі алдағы уақта жауап берітіндерін айтқан. ҚР ІІМ тарапынан қандайда бір жауап болса, жариялайтын боламыз.
Abai.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз