ТҮРКІСТАН: Ғалым Тұрсынбаев шетелдік жастармен кездесті

1590
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев, шетелдік жастармен кездесіп, елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа, Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан Жаңа жобалар жайлы баяндады.
1 наурызында «Түркістан – Адалдық алаңы» аясында өзгеше форматта шетелдік жастармен бейресми кездесу өтті — деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бейресми кездесу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті. Идея алмасу жиынына Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев, «Түркістан- Адалдық алаңы» Жобалық кеңсе жетекшісінің орынбасары А.Талғатұлы, Департаменттің, кеңсенің және орталықтың мамандары және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де білім алып жүрген 100 — ге жуық шетелдік студенттер қатысты.
Бұл жиын алғыс айту күніне сәйкес келгендіктен кездесуді Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы алғыс айтумен бастап, елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа, Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан Жаңа жобаларға жеке — жеке тоқталып өтті.
Жиын барасында сөз алған А.Талғатұлы «Түркістан — Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі аясында өңірімізде енгізіліп жатқан жаңашылдықтармен, алдағы күндерге жоспарланған ауқымды шаралармен таныстырды. Сондай — ақ, кездесуде Департаменттің басқарма басшысы Б.Әшір цифрлық-электронды түрде қызмет алу тәжірибесін кеңейту мен электрондық үкімет порталында қызмет алу және телеграмм-бот бойынша жан — жақты түсіндірме беріп өтті. Еркін форматта, галстуксыз өткен диалогтық алаңда шетелдік жастар өз елдеріндегі тәжірибелерін, тың идеяларын айтып, маңызды да қажетті ақпараттарымен бөлісті. Жиын соңында шетелдік жастар ұйымдастырушыларға ашық әңгіме мен жылы жүздесу үшін өз алғыстарын айтып, кездесуден алған ерекше әсерлерін жеткізіп, естелік фотоларға түсті.