ТҮРКІСТАН: ҚР Журналистер Одағы филиалына тұңғыш төраға сайланды

1347
ҚР Журналистер Одағының Түркістан облысын бойынша филиалының тұңғыш төрағасы болып «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің өңірдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай сайланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл лауазымға екі кандидат – Ғалымжан Елшібай және Жарқынбек Төлтебаев ұсынылған болатын. Өңірдегі 70-тен астам журналистер қатысқан сайлау барысында Жарқынбек Төлтебаев осы қызметке Ғалымжан Елшібайдың лайықты екенін де айтып өтті.
Тілші, журналист Ғалымжан Елшібай қазіргі таңда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарып жүрген болатын.